7960

Ыстықкөлде жасөспірімді зорлап, өлтіріп кеткен қылмыскер ұсталды

27 қыркүйекте жасөспірімнің жоғалып кеткені айтылған еді.

Ыстықкөлде жасөспірімді зорлап, өлтіріп кеткен қылмыскер ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда кісі шошырлық қылмыс тіркелді. Ыстықкөл облысының милициясы жоғалып кеткен қыздың зорлық-зомбылық құрбаны болғанын растады.

27 қыркүйекте 2008 жылы туған А.М. есімді жасөспірім із-түссіз жоғалғаны хабарланған. Екі күннен кейін жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында оның зорланып, артынша өлтірілгені анықталды. Қыздың денесі Кемин ауданына қарасты Жел-Арык ауылы маңынан табылған.

Күдікті бірден қолға түсті. Ол — 1984 жылы туған Бішкек тұрғыны. Тергеу мәліметінше, оған Қырғызстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылған.

30 қыркүйекте ол Жети-Огуз аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор