SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 23 мектептің мұғалімдері балаларға үйде сабақ өтпесе де, оған қаржы алған.
Прокуратура тексерісі нәтижесінде белгілі болғандай, ерекше білімді қажет ететін 64 оқушы ұзақ уақыт елдегі түрлі ауруханаларда емделіп жүрген. Сол себепті оларға үйде білім беру мүмкін болмаған. Соған қарамастан педагогтар өткізілмеген сабақтарға есеп беріп, 4 миллион теңгеден астам қаражат алған.
«Сарыағаш аудандық прокуратурасы инклюзивті білім беру саласында Еңбек және Бюджет кодекстерінің сақталуын талдады. Прокурорлық акт негізінде заңсыз төленген қаражат бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар 311 білім беру қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осындай тексерулер облыстың барлық қала-аудандарында жүргізіліп жатыр», – деді облыс прокуроры Дінмұхамед Жүсіп.
RUS