SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мадридтік «Реал» Алматыда өткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта «Кайратты» 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Үш голдың авторы – француз шабуылшысы Килиан Мбаппе.
Мексикалық Plazajuarez.mx басылымы бұл нәтижені «Азияны бағындырған «Реал» деп бағалап, сонымен қатар сын да айтты. Журналистердің пікірінше, «корольдік клубтың» ойын сапасы айтарлықтай жақсармаған, әсіресе орталық алаңда проблемалар анық байқалған.
«Бұл жеңіс бірнеше күнге «Реалдағы» дағдарыс туралы әңгімелерді басып тастады. Мбаппе өте белсенді болды және тұрақсыз ойынымен жиі сыналатын Винисиусты да ойынға тартуға тырысты.
Алайда жалпы ойын құрылымы әлсіз көрінді. Орталықта тек Арда Гюлердің ерекше техникасы көзге түсті», – деп жазады Plazajuarez.mx.
Айта кетейік, бұл мадридтіктердің Чемпиондар лигасындағы Азия құрлығындағы алғашқы кездесуі болды. Екі турдан кейін «Реал» алты ұпай жинап отыр.
RUS