SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда 34 жастағы Абылайхан Саренжеповке қатысты сот процесі басталды. Ол облыстық аурухананың хирург-урологы Антон Кистановқа шабуыл жасағаны үшін жауапқа тартылуда. Іс ҚР ҚК 114-бабының 3-бөлігі («Абайсызда ауыр зиян келтіру») бойынша қаралып жатыр. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза — 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл, түзету не шектеу жұмыстары.
Оқиға 17 шілдеде болған. Қабылдау кезінде Саренжепов дәрігерді жұдырықпен ұрып, ол есінен танып қалған. Медикке ауыр диагноз қойылды: ми соққысы, субдуралды қан құйылу және шүйде сүйегінің сынуы. Қазіргі таңда дәрігер ем қабылдап жатыр. Оның айтуынша, есте сақтау қабілеті, сөйлеу және шаршау мәселелері әлі де сақталған.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Ол әрекетін қатты ауырсынумен және «дәрігердің дөрекі қылығымен» түсіндірді:
«Қалайша қол жұмсап қойғанымды өзім де байқамай қалдым. Кінәмді мойындаймын, өкінемін», — деді ол.
Жәбірленуші моральдық шығынды 2 млн теңгеге бағалап, адвокатқа кеткен шығынды өтеуді талап етті. Заң бойынша тараптар процесс соңына дейін татуласуға мүмкіндік алады.
Келесі сот отырысында куәгерлердің жауабы тыңдалмақ.
Айта кетейік, оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Атырау облысының әкімі Құмар Ақсақалов та жағдайды бақылауға алғанын хабарлаған. Денсаулық сақтау министрлігі болса, медициналық қызметкерлерге қол көтергендерге қатысты жазаны қатаңдататын заңнамалық бастамалар Парламентке қыркүйекте енгізілетінін мәлімдеген.
RUS