ОПЕК Қазақстаннан мұнай өндіруді бұрынғыдан да қатты қысқартуды талап етті

02.10.2025, 12:21
12925
ОПЕК Қазақстаннан мұнай өндіруді бұрынғыдан да қатты қысқартуды талап етті AP / Bernat Armangue

Қазақстан мұнайды асыра өндіріп жатқаны үшін сынға қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) Қазақстанға қатысты өндіріс көлемін қысқарту жоспарын қатаңдатты. Бұған дейін де негізгі қысқартуларды қамтамасыз етіп келген Қазақстан енді қосымша міндеттемелерге тап болды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ОПЕК хатшылығы Қазақстан, Ресей, Ирак, Оман, БАӘ және Кувейттен квота асыра өндіруді өтеп шығу бойынша жаңартылған деректер алған. Ұйым өкілдері аталған елдермен онлайн-кездесуде өтемдік жоспарды толық орындаудың маңызын баса айтты.

«Негізгі қысқартуды Қазақстан қамтамасыз етеді, одан кейінгі орында Ирак, БАӘ және Ресей тұр», — деп жазады агенттік.

Жаңа жоспарға сәйкес, Қазақстан қыркүйек 2025 пен маусым 2026 аралығында тәулігіне 2 млн 917 мың баррельді қысқартуы тиіс. Бұған дейінгі көрсеткіш 2 млн 630 мың баррель еді. Елдің үлесі ОПЕК+ елдерінің жалпы өтемдік көлемінде 62 пайызға жетті. Желтоқсаннан бастап талап етілетін қысқартулар жүздеген мың баррельді құрайтын болады.

Энергетика министрлігі әзірге жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Қазақстан бұл талаптарды қалай орындайтыны белгісіз, себебі 2025 жылы мұнай өндіруді ұлғайту, соның ішінде Теңіз кен орнын кеңейту ел экономикасының басты драйверлерінің бірі болған еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды