SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Digital Bridge форумында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) зертханасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы Ақорда ресми мәлім етті.
«Бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық. Қол жеткізген нәтижелерімізге ризамыз. Бүгін Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект саласындағы арнайы зертхананы ашатынымызды қуана жеткіземін. Алдымен біз Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны қолға алдық. Бұл бастама Жасанды интеллект министрлігімен бірге жүзеге асырылып жатыр.
Жаңа технология миллиардтан астам қолданушыға жасанды интеллект мүмкіндіктерін құпия, ашық әрі тиімді түрде пайдалануға жол ашады. Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін алғашқы ірі есептеу қуатын жеткізуші болады деп сенеміз», — деді Дуров.
Форумда сондай-ақ Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері әрі Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының басшысы Мансур Ибрагим Әл Мансури және Стэнфорд профессоры Илья Стребулаев сөз сөйледі.
Айта кетейік, аталған форумда Мемлекет басшысы әрбір жаңа мемлекеттік қызмет алдымен цифрлық форматта дайындалуы қажет екенін атап өткен болатын.
RUS