ЕО көшбасшылары «дрондарға қарсы еуропалық қабырға» құру идеясын қолдады

02.10.2025, 13:18
4165
ЕО көшбасшылары «дрондарға қарсы еуропалық қабырға» құру идеясын қолдады Geert Vanden Wijngaert/The AP

Сондай-ақ Еуро одақ басшылары Украинаға 140 млрд еуро көлемінде несие бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ елдерінің басшылары дрондарға қарсы бірлескен қорғаныс жүйесін құру және ұшқышсыз аппараттарды өндіруді жеделдету бастамасын қолдады. Бұл мәселе Польша, Эстония, Румыния мен Дания аумағында бірнеше мәрте әуе кеңістігінің бұзылуынан кейін көтерілді.

Еурокомиссия ұсынған құжатта («Scoping Paper») төрт негізгі жоба қарастырылған: «Еуропалық дрондарға қарсы қабырға», «Шығыс қаптал», «Әуе шабуылына қарсы қалқан» және «Ғарыштық қорғаныс қалқаны». Алдағы екі аптада осы құжат толықтырылып, қорғаныс бойынша «жол картасы» жарияланбақ. Соңғы шешімдер ЕО саммитінде, қазан айының соңында қабылданады.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен:

«Біз дрон өндірісін күшейтіп, олардан қорғану мүмкіндіктерін жақсартуымыз керек. Бұл Еуропада ұшқышсыз жүйелердің бірыңғай желісін құруды талап етеді. Украинадағы тәжірибеден үйреніп, Еуропа да өз шешімдерін жасауға тиіс».

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен әуе кеңістігінің бұзылуын «гибридті соғыстың бір бөлігі» деп атап, оған «Еуропа тарапынан қатаң әрі нақты жауап қажет» екенін айтты.

Украинаға несие мәселесі

Форумда Украинаға қаржылай қолдау көрсету де басты тақырыптардың бірі болды. ЕО көшбасшылары мұздатылған ресейлік активтердің есебінен Киевке несие беруді қолдады. Әңгіме 140 млрд еуро көлеміндегі сома туралы болып отыр.

Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, бұл қаржы «активтерді тартып алу емес, несие ретінде беріледі». Егер болашақта Ресей репарация төлесе, Украина қарызын қайтара алады.

Бельгия премьері Метте Фредериксен:

«Біз көп жағдайда Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беріп жатырмыз дейміз, ал іс жүзінде Еуропаның қауіпсіздігіне кепіл болып отырған — Украина. Сондықтан оған қолдау көрсету — өз қауіпсіздігімізге инвестиция салу».

Бұл мәселеде Бельгия қосымша кепілдік сұрады. Себебі ел аумағында ресейлік активтердің басым бөлігі сақталған, ал күтпеген жағдайда оларды қайтару міндеті тек Брюссельдің мойнында қалмауы тиіс. Франция мен Люксембург те осы ұстанымды қолдайды.

Франция президенті Эммануэль Макрон болса, халықаралық құқық нормаларын сақтау қажеттігін ескертті:

«Активтерді жай ғана тәркілеу мүмкін емес, бұл халықаралық заңды бұзады», — деді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды