3810

«Қайрат» – «Реал» матчынан кейін Нұрәлі Әлиев әкесінің еңбегі зор екенін жеткізді

Ол Рахат Әлиевтің бастамасымен Қазақстан УЕФА-ға қосылғанын айтты.

«Қайрат» – «Реал» матчынан кейін Нұрәлі Әлиев әкесінің еңбегі зор екенін жеткізді
ttc.kz/Нұрәлі Әлиев

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Алматыдағы тарихи «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынынан соң әкесі Рахат Әлиевтің атқарған еңбегін атап өтті.

Нұрәлі Әлиев Instagram парақшасында марқұм әкесін еске алғандар көп болғанын жазды. Ол Қазақстан футбол федерациясын басқарған тұста Рахат Әлиевтің бастамасымен 2002 жылдың 25 сәуірінде ел Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде УЕФА-ға қосылғанын еске салды.

Әлиев сонымен қатар 2005 жылы Қазақстан құрамасы Грекияға қарсы ойнаған кезде Алматыға УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини келгенін де атап өтті.

«Кеше Орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын көрдім. Біздің «Қайрат» УЕФА-ның ең атақты клубы «Реал Мадридпен» ойнады. Бұл – Алматыда! Сол сәтте мен әкемнің шешімінің қаншалықты стратегиялық қадам болғанын түсіндім. Араға жылдар салып, ол өз жемісін беріп жатыр. Мен бәрімен мақтанамын», – деді Нұрәлі Әлиев.

Айта кетейік, Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Алматыда «Қайратты» 5:0 есебімен жеңді.

Материал авторы