«Бөксемді сипалады»: белгілі блогер «Қайрат» – «Реал» матчында харассментке ұшырағанын айтты

Азиз Қалижан Редактор
02.10.2025, 15:25
3419
«Бөксемді сипалады»: белгілі блогер «Қайрат» – «Реал» матчында харассментке ұшырағанын айтты жеке парақшасынан

Сабина Мовлаева қазақ жігіттері өзін қорғамағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атышулы блогер Сабина Мовлаева Алматыдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалау кезінде өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырған оқиға туралы айтты.

Желі жұлдызының айтуынша, матчқа құрбысымен барған. Стадионда белгісіз ер адамдар оған тиісіп, қол жүгірткен.

«Ұят болса да айтайын. Барлығы жақсы еді, тек бір нәрсе ұнамады. Артымнан қолдар пайда болды. Шыны керек, біреулер бөксемді сипалап кетті. Мен барлығы сияқты қарапайым киінгенмін, тырысқан киім де болған жоқ», – деді ол.

Блогердің сөзінше, мұндай әрекет құрбысына да жасалған.

«Қазақ жігіттері қорғайды деп ойласақ, керісінше өзімізді солардан қорғауға тура келді. Сонда бізді кім қорғайды? Қолымыздан келгенше стадионнан тезірек шығып кетуге тырыстық», – деді Мовлаева.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткен матчта мадридтік «Реал» «Қайратты» 5:0 есебімен жеңді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді