795

Астанада заңсыз кәріз суын төгу фактілері тіркелді

Астанада жүргізуші 35 рет заңсыз кәріз суын төккен.

Астанада заңсыз кәріз суын төгу фактілері тіркелді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тәртіп сақшылары қаланың экологиясына зиян келтіретін заңбұзушылықтарды анықтап, жолын кесуде.

Рейд барысында полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол кәріз суларын жауын-шашын кәрізіне жүйелі түрде төгіп жүрген. Құқық қорғаушылар 35 рет қайталанған заңсыз әрекетті тіркеген.

Осыған байланысты жүргізушіге қатысты материалдар рәсімделіп, көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

«Мұндай әрекеттер қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізіп, топырақ пен су айдындарын ластауы мүмкін», – деп атап өтті полиция.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды экологияға жауапкершілікпен қарап, ережелерді сақтауға және заңбұзушылық фактілері туралы бірден хабарлауға шақырды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор