SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, түркиялық танымал актер Бурак Өзчевит Ақтауда өтіп жатқан түркі халықтарының «Қорқыт ата» кинофестивалінде қызу ықыласқа бөленді. Шара 1-4 қазан аралығында өтуде.
«Бозторғай» сериалының жұлдызы Instagram парақшасында қызыл кілемнен түскен фото және видеоларын жариялады. Актерді көруге келген жанкүйерлердің арасында кішкентай балалар да, егде жастағы әйелдер де болды. Олар сүйікті әртісіне қол жеткізбек болып, қоршауды сындырып, тіпті кейбірі құлап та қалды.
Қазіргі уақытта қысымнан зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.
RUS