3541

Жамбылда жасөспірімнің суицид жасауына байланысты іс сотқа өтті

23 жастағы ауыл тұрғыны марқұмның суицид жасауына итермеледі деп айыпталуда.

Жамбылда жасөспірімнің суицид жасауына байланысты іс сотқа өтті
Алексей БУЛАТОВ / KP.RU

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірімнің қазасына қатысты қылмыстық іс сотта қаралмақ.

Қайғылы жағдай биыл 29 сәуірде Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында болған. Тергеу барысында марқұм өзіне жоғары сынып оқушылары тарапынан қысым жасалғаны анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша іс қозғалып, төрт айдан астам уақыт тергеу жүргізілді. Нәтижесінде үш күдіктіге қатысты материалдар 5 қыркүйекте сотқа жолданды.

Олардың бірі — 23 жастағы ауыл тұрғыны. Ол жасөспірімді өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін айыпталуда. Қалған екеуі — 10 және 11-сынып оқушылары, олар қылмысқа көмектесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сүйенсек, сотталушылардың бірі мектеп оқушыларын үй салуға мәжбүрлеген. Алайда мұғалімдер мен ауылдың ересектері, тіпті полиция да жағдайға дер кезінде назар аудармаған.

Енді үш күдіктіге бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Материал авторы