SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтияр Зайнутдиновтың «Бешікташтан» мәскеулік «Динамоға» ауысуы Ресейде сынға алынды.
Бұрынғы «Динамо» қорғаушысы Виталий Дьяков трансфер шешімін қолдамайтынын жеткізді.
«Шынын айтсам, Бақтиярдың «Динамоға» ауысқанын түсінбедім. Бұл командаға ол қаншалықты қажет? Әрине, Карпин оны жақсы біледі, бәлкім соған сенген шығар. Бірақ меніңше, шабуыл шебіне, әсіресе шабуылдаушы жартылай қорғаушы керек еді. Каррасальдың орнына сондай ойыншыны алу дұрысырақ болатын», – деді Дьяков.
Айта кетейік, 27 жастағы Зайнутдинов 2025 жылдың жазында «Динамоға» 2,5 миллион еуроға сатып алынған. Қазіргі уақытта ол жаңа клубының сапында сегіз матч өткізіп, әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.
RUS