Путин: Ресей екі рет НАТО-ға кіргісі келген еді…
Путин НАТО-ға өкпелі екенін ашық айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» пікірталас клубының отырысында Мәскеу екі рет НАТО-ға мүшелікке дайын болғанын, алайда екі жағдайда да бастамасы қабылданбағанын айтты.
Оның сөзінше, алғашқы ұсыныс 1954 жылы Кеңес Одағы тарапынан жасалған. Екінші рет — 2000 жылы, Путиннің АҚШ президенті Билл Клинтонмен Мәскеудегі кездесуінде көтерілген.
«Бірінші рет — 1954 жылы, Кеңес дәуірінде. Екінші рет — 2000 жылы, Клинтонның Мәскеуге сапарында. Біз қауіпсіздік саласында бірлесіп жұмыс істеуге және стандарттан тыс қадамдарға дайын болдық. Бірақ батыстық әріптестер геосаяси стереотиптерден бас тарта алмады», — деді Путин.
Ол сондай-ақ Клинтонмен әңгімесін еске алды:
«Алдымен «Бұл мүмкін» деді, бірақ кешке қарай өз кеңесшілерімен сөйлескен соң, «қазір мүмкін емес» деп жауап берді».
Путиннің айтуынша, сол кезеңде халықаралық қатынастардың «басқа, оң бағытпен дамуына нақты мүмкіндік болған», алайда «өзге көзқарас үстем болды».
Материал авторы