«Әнұранымыз Америка жүрегінде шырқалады!»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне үндеу жасады
Димаш Нью-Йоркте Қазақстан гимнін бірге айтуды ұсынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген АҚШ-тағы әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтетін концерті қарсаңында жанкүйерлеріне ерекше өтініш жасады.
Әнші өз үндеуінде қазақстандықтарды да, шетелдік тыңдармандарды да бірге мемлекеттік гимнді орындауға шақырды.
«5 қазан күні Madison Square Garden сахнасында біз Қазақстанды бүкіл әлемге танытамыз. Бұл ерекше кеште мен сіздерді Отанымыздың гимнін бірге айтуға шақырамын. Сіздер мен үшін жай ғана көрермен емессіздер, Қазақстанның жақын достарысыздар. Гимн Америка жүрегінде біздің мақтанышымыздың, халықтар достығы мен бірлігіміздің символы болып шырқалсын», — деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Әнші сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнінің қайырмасын жариялап, тыңдармандарды дайындалуға үндеді.
Материал авторы