SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші компания — «Теңізшевройл» (ТШО) қазан айында Батуми порты арқылы мұнай экспортын қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Бұл бағыт 2023 жылдың қаңтарынан бері қолданылмаған.
Сол уақыттан бері ТШО негізінен Каспий құбыр консорциумының (КТК) жүйесін және Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) мұнай құбырын пайдаланған болатын. Алайда жуырда Новороссийскідегі КТК терминалы дрондардың жаппай шабуылына ұшыраса, тамыз айында БТД жүйесінде мұнайдың хлорорганикалық заттармен ластануы тіркелген.
Мамандардың пікірінше, осы жағдайлар ТШО-ны балама маршрутты қайта сынап көруге итермелеген. Экспедиторлардың мәліметінше, қазан айындағы алғашқы партия шамамен 92 мың тонна тенгиздік мұнайды құрауы мүмкін.
Айта кетейік, Батуми портындағы терминал қазақстандық «ҚазТрансОйл» компаниясына тиесілі. 2022 жылдан 2023 жылдың қаңтарына дейін осы бағытпен ТШО-ның 358,5 мың тонна мұнайы экспортталған еді.
RUS