Таразда шенеуніктер әкімдік мүлкін сатып жіберген

06.10.2025, 10:33
9081
Таразда шенеуніктер әкімдік мүлкін сатып жіберген SMARTNEWS.KZ коллажы

Осылайша шенеуліктер 100 миллион теңгеден астам пайда тапқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің қызметкерлері мемлекет меншігіндегі жылжымайтын мүлікті заңсыз сатып, жеке тұлғаларға өткізіп отырған.

Бұзушылықты алдымен прокуратура анықтап, кейін істі Экономикалық тергеулер департаменті тергеген.

Тергеу барысында шенеуніктердің құжаттарды қолдан жасап, коммуналдық нысандарды өзге тұлғалар атына рәсімдеп келгені белгілі болды. Мемлекетке келген шығын көлемі 100 миллион теңгеден асты.

«Қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Молдажан Абсатов пен статист Жәнібек Қуанышев 2021–2022 жылдары қаладағы үш түрлі ауданнан үш нысанды жалған тұлғаларға рәсімдеп, кейін жеке адамдарға сатып жіберген», — деп хабарлады Orda.kz тілшісіне мемлекеттік органдағы дереккөз.

Сотта іс бойынша төрт адам қаралды. Алайда олардың екеуі — қаржы бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Паримбеков пен Тараздың ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Мақсат Нұржанов — істің ескіру мерзіміне байланысты жауапкершіліктен босатылды.

Сот шешімімен Жәнібек Қуанышев алаяқтық пен сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету бабы бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол бес жыл бойы мемлекеттік мүлікпен байланысты қызмет атқаруға тыйым салынды.

Ал Молдажан Абсатовқа төрт жарым жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді