8527

«Хаби Алонсо таңғалды»: «Қайрат» басшылығының Чемпиондар лигасындағы көздеген мақсаты белгілі болды

Қайраттың жартылай қорғаушысы Реалға қарсы ойында басшылықтың қандай тапсырма бергенін ашып айтты.

«Хаби Алонсо таңғалды»: «Қайрат» басшылығының Чемпиондар лигасындағы көздеген мақсаты белгілі болды
Real Madrid

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы, беларусь ойыншысы Илья Громыко команда алдында басшылық қойған міндет жайлы айтып берді. Бұл туралы ол YouTube-тағы «Голевая передача» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

— Чемпиондар лигасына қатысты нақты тапсырма болды ма?

— Иә, басшылықтың талабы — әр ойынды ләззатпен өткізу және әдемі футбол көрсету. Біз бұл турнирге бекер түспегенімізді дәлелдеуіміз керек. Мен сенемін, біз міндетті түрде ұпай жинаймыз. Тіпті Хаби Алонсоның өзі біздің ойынымызға таңғалды. Ол «Қайраттың» бұл жерде ойнауға лайық екенін айтты. Бұл — көп нәрсені аңғартады, — деді футболшы.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алғашқы екі ойында жеңіліс тапты:
сырт алаңда лиссабондық «Спортингтен» — 1:4,
ал өз алаңында мадридтік «Реалдан» — 0:5 есебімен ұтылды.

Келесі матчта, 21 қазан күні, «Қайрат» Алматыда Кипрдің «Пафос» командасын қабылдайды.

Материал авторы