Дәрігер қателігі үшін жаза жеңілдетілуі мүмкін - заң жобасы

04.04.2023, 17:46
801
Дәрігер қателігі үшін жаза жеңілдетілуі мүмкін - заң жобасы smartnews.kz

Кәсіби міндетін тиісті деңгейде атқармаған денсаулық сақтау қызметкерлеріне тағайындалатын жазаны жеңілдету қарастырылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормалар ұсынылды», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.

Сондай-ақ министр аталған өзгерісті енгізудің себебін түсіндіріп өтті.

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне қатысты ұсынылған модель және олар міндетін тиісті атқармаған жағдайда жазаны жеңілдету алдымен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Медициналық қызметтерді алу кезінде денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің жеке және қаржылық құқығын қорғаудың мүмкіндігі артады. Одан бөлек, медицина саласынан білікті мамандардың кетуін азайтуға бағытталып отыр», - дейді ведомство басшысы.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр