Ақтауда велосипед тебуге шыққан 13 жастағы бала жоғалып кетті
Бала екі күннен бері іздестіріліп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда 13 жастағы Тимофей Павловты іздестіріп жатыр. Ол 5 қазан күні сағат 18:00 шамасында 11-шағынаудандағы үйінен велосипедпен серуендеуге шығып, содан бері оралмаған.
Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы шамамен 170 сантиметр, арықша денелі. Үйден шыққан күні үстінде хаки түсті желетке, қоңыр шалбар, хаки түсті кроссовка, басында қара түсті бас киім-шлем және көк-қара велосипед шлемі болған. Қолында велоқолғаптар мен қара түсті сөмке болған.
Қазір баланы іздеуге полиция, еріктілер және қала тұрғындары атсалысып жатыр.
Тимофей Павловты көрген немесе оның қайда екенін білетіндерден +7 (700) 499-72-92 немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады.
Материал авторы