Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тұлғалары пантеонына енгізілді

06.10.2025, 12:53
4869
Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тұлғалары пантеонына енгізілді бейнежазбадан

Қазақстан тарихында із қалдырған тұлғалар қатарында Салтанаттың аты жазылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тарихи тұлғалары пантеонына енгізілді. Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді хабарлады.

Оның айтуынша, өзі мен анасымен бірге Қостанай облысындағы «Амангелді» кешеніне арнайы барып, мемориалдық қабырға мен пантеонды көріп қайтқан.

«Бұл пантеонда Қазақстан тарихында із қалдырған тұлғалар қатарында Салтанаттың аты жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Біз бұған дейін Павлодардың топырағын осында жібергенбіз, ол мемориалда капсула түрінде сақталған. Салту осылайша еліміздің тарихына әсер еткен тұлғалар қатарынан орын алды. Жолда жүрген сағаттар мен шақырымдар бұған әбден лайық болды», — деп жазды Айтбек Амангелді.

Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасына қараған түні Салтанат Астанадағы BAU мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан. Ол әйеліне бірнеше рет соққы беріп, бірнеше сағат бойы көмек көрсетпей қойған. Соның салдарынан Салтанат көз жұмды.

2024 жылдың 13 мамырында Астанада өткен сот процесінде Қуандық Бишімбаев зомбылық көрсету және кісі өлтіру баптары бойынша кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл оқиға Қазақстан тарихындағы ең резонансты істердің бірі болды. Қоғамда үлкен толқу туып, әлеуметтік желілерде «Салтанат үшін» акциялары өтті. Әйелдер құқығын қорғаушылар мен белсенділер отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдарды күшейтуді талап етті.

Қоғамдық қысым мен наразылықтан кейін билік нақты шаралар қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңдарға қол қойды. Халық арасында бұл құжаттар «Салтанат заңы» деп аталып кетті.

2024 жылдың 16 маусымында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заң күшіне енді.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті