SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында ұстаздар кәсіби мерекелері – Мұғалімдер күніне орай марапатталды. Бұл туралы Қарағандының Бесінші арнасы жеткізді.
Салтанатты шара Қарағанды қаласында өтіп, өңірдің түкпір-түкпірінен келген 700-ден астам педагог жиналды. Білім беру саласындағы үздік мамандарға ақшалай сыйақылар мен құрметті атақтар табысталды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бес мұғалімге «Қарағанды облысының құрметті педагогі» атағы беріліп, әрқайсысына 3 миллион теңгеден астам сыйақы тағайындалды. Бұдан бөлек, ғасырлық тарихы бар үш мектеп пен облыстың бес үздік олимпиадалық мектебі 15 миллион теңгелік сертификаттармен марапатталды.
«Біз түрлі жағдайда жұмыс істедік. Бірақ ешқашан еңбекақыны ойлаған жоқпыз. Біз тек балаларды жақсы көрдік», – деді ұстаз Любовь Горбунова.
Бұл мерекелік шара өңірдегі мұғалімдерді қолдауға және мектеп білімін дамытуға бағытталған бағдарлама аясында өтті. Облыс басшылығының айтуынша, педагогтардың мәртебесін арттыру мен оларға қамқорлық жасауаймақтың басты басымдықтарының бірі болып қала береді.
RUS