4224

Меркель Польша мен Балтық елдерін Украинадағы соғысқа себепші деп кінәлады

Кейбір елдер бейбіт шешімді қолдамады дейді ол.

Меркель Польша мен Балтық елдерін Украинадағы соғысқа себепші деп кінәлады
Stefanie Loos / Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германияның экс-канцлері Ангела Меркель Украинадағы соғысқа қатысты өз пікірін білдіріп, Польша мен Балтық елдерін қақтығыстың басталуына «жанама кінәлілер» деп атады. Бұл туралы ол венгриялық Partizan басылымына берген сұхбатында айтты.

Меркельдің сөзінше, 2021 жылы Украина мәселесін бейбіт жолмен шешу және Ресеймен келіссөз жүргізу әрекеттерін дәл осы мемлекеттер қолдамаған.

«Бұл ретте кейбір елдер бейбіт шешімді қолдамады. Негізінен Балтық елдері қарсы шықты», – деп жазады басылым.

Саясаткер олардың мұндай позициясын «Еуропа Ресейге қатысты ортақ саясат қалыптастыра алмай қалады деген қорқынышпен» байланыстырды.

«Қазір жағдай өзгерді. Енді бейбітшілікке жету үшін Еуропа қандай ұстанымда болуы керектігін ойланатын кез келді», – деді Меркель.

Gazeta.ru жазуынша, экс-канцлер сұхбат барысында Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен тоқтатуға шақырып, мысал ретінде Қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі келіссөздер тәжірибесін келтірді.

Айта кетейік, Ангела Меркель 2021 жылдың соңында канцлер қызметінен кеткен. Қоштасу рәсімінде ол панк-рок жанрындағы әнді таңдаған болатын. Кейінірек оған БҰҰ-да жоғары лауазым ұсынылды, алайда саясаткер бұл ұсыныстан бас тартқан.

Жақында Меркель Афиныдағы сапары кезінде Ақ үйде Дональд Трамптың қол беруден бас тартқанын да есіне алған еді.

Материал авторы