SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында болған жол апатында ауыр жарақат алған қыз бала көз жұмды.
Қайғылы оқиға 19 тамызда болған. Сол күні ауыл ішінде жеңіл көлік алты баланы қағып кеткен еді. Үшеуі оқиға орнында көз жұмған, тағы үшеуі ауыр жарақат алған болатын.
Дәрігерлер бір айдан астам уақыт бойы 9 жасар қыздың өмірі үшін күрескенімен, алған жарақаттары тым ауыр болып, ол есін жимастан көз жұмды.
Қалған екі бала Астанадағы емделуден кейін үйлеріне оралған. Қазір олар оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен қаза болған балалардың отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Тергеу органдары жол апатына қатысты істі тергеуді жалғастыруда. Еске салайық, көлік жүргізушісі — эпилепсиямен есепте тұрған азамат болған.
RUS