4440

Қазақстан азаматы Кореяда полицейге шабуыл жасап, ұрлық жасағаны үшін сотталды

Ер адам киімдер салынған қорапты ұрлаған.

Қазақстан азаматы Кореяда полицейге шабуыл жасап, ұрлық жасағаны үшін сотталды
AFP 2024 / HECTOR MATA

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Корея соты Қазақстан азаматын бірнеше рет ұрлық жасап, тәртіп сақшысына шабуыл жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдың сәуірінде айыпталушы сыбайласымен бірге Янчжу қаласындағы сауда орталығының тұрақ аймағынан киім салынған 29 қорапты ұрлап кеткен. Залал көлемі — шамамен 60 миллион вон, яғни 43 мың АҚШ доллары.

Бір айдан кейін ол супермаркеттен төрт бөтелке қымбат алкогольді жасырын алып шыққан.

Сол жылдың күзінде Инчхон қаласында оны ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, көлікке отыра берген сәтінде полицейдің аяғын қағып, сүйегін сындырған. Осы оқиғадан кейін ол төрт жылға жуық жасырынып жүрген. Тек 2025 жылдың мамырында Кунсан қаласында қолға түсті.

Сот айыпталушының әрекеттерін «ерекше өжеттікпен және қоғамға қауіпті сипатта жасалған» деп бағалады. Сондай-ақ оның кінәсін мойындап, бұрын сотталмағаны және отбасы бар екені жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

Нәтижесінде қазақстандық үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Индонезияда есірткі тасымалдады деп айыпталған екі қазақстандыққа өлім жазасы тағайындалуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Материал авторы