Шетелдік туристер саны 4 миллионға артатыны болжанады – министр Оралов

04.04.2023, 19:14
648
Шетелдік туристер саны 4 миллионға артатыны болжанады – министр Оралов Smartnews.kz

Елімізде ішкі туристер саны 11 миллионға, шетелден келетін туристер 4 миллион адамға артады деген болжам жасалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Туризм саласындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар жалғасын табады. Яғни даму әлеуеті жоғары ірі туристік инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде. Сонымен қатар біздің министрлік өңірлерде бизнеске қолдау көрсетеді. Нәтижесінде ішкі туризмде кәсіпкерлік белсенділік артуы тиіс», - деді Асхат Оралов өз баяндамасында.

Оның айтуынша, туризмді ілгерілету бағытындағы іс-шаралар жаңа тұжырымдамаға сәйкес жүргізіледі.

«Жоғарыда айтылған шараларды іске асыру нәтижесінде ішкі туристер саны 11 миллионға (2022 жылы 8,6 млн), ал шетелдік туристер саны 4 миллион адамға дейін (2022 жылы – 928 мың) артады деп күтілуде. Бұл отандық туризмге құйылатын инвестициялар өсімін 260 млрд теңгеге дейін (өткен жылы 131 млрд теңге) ұлғайтуға мүмкіндік береді. Салада 800 мың адам (былтыр 490 мың адам) жұмыспен қамтылады», - дейді ол.

Сондай-ақ министр ведомствоға жүктелген барлық міндет айрықша бақылауда екенін және Мемлекет басшысы тапсырмаларын сапалы орындау бойынша барлық қажетті шара қабылданатынын атап өтті.

«Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді