9115

Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқанын айтты

Динара Сәтжан күйеуінің тегіне өткенін де айтты.

Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқанын айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram парақшасында өмір жолы мен қазіргі жұбайы, Forbes тізіміндегі кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқанын баяндады.

Динараның айтуынша, өмірде ештеңе жайдан-жай болмайды:

«Кездейсоқтық деген ұғым жоқ. Әр адам, әр қателік, әр қуаныш – бәрі үлкен бір жоспардың бөлшегі. Біз оны бірден түсінбеуіміз мүмкін, бірақ бәрі дәл осылай болуға тиіс еді», – деп жазды ол.

Журналист өз жолын табар алдында да белсенді өмір сүргенін айтты. Ол табысты кәсіп жүргізіп, журналистика саласында еңбек етіп, балаларына уақыт бөліп, сапар шегуден ләззат алған.

«Өмірдің ағысына сену керек. Жұмабек өміріме келмей тұрып та, мен бақытты едім. Ішкі тыныштық пен үйлесім тапқан сәтте дәл Ол өміріме енді. Міне, сол кезде бәрі өз орнымен болды», – дейді Динара.

Айта кетейік, Динара Сәтжан мен Жұмабек Жанықұлов 2025 жылдың сәуір айында шаңырақ көтерген.

Сол сәттен кейін журналист ресми түрде күйеуінің тегіне өтсе де, көпшілік оны әлі де Сәтжан есімімен таниды.

Еске сала кетсек, бұған дейін fashion-блогер Динараның үйлену тойындағы образдарының жалпы құнын есептеп, желіде қызу талқыланған еді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор