Қазақстандағы мұғалімдердің 95 пайызы өз жұмысын жақсы көреді

Азиз Қалижан Редактор
07.10.2025, 11:13
9957
Қазақстандағы мұғалімдердің 95 пайызы өз жұмысын жақсы көреді iStock

Олар жалақысына да риза екенін жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық педагогтардың басым бөлігі өз кәсібіне риза. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS–2024 халықаралық зерттеуінің нәтижесінде белгілі болды.

Бұл зерттеу мұғалімдердің еңбек жағдайын, кәсіби дамуға мүмкіндік деңгейін, оқыту тәжірибесін және жалпы білім беру ортасын бағалауға бағытталған. Биылғы жылы Қазақстаннан 7 мыңнан астам педагог пен 369 мектеп директоры қатысқан.

Білім беру министрлігінің мәліметінше, TALIS — мұғалімдердің жұмыс ортасын жақсартуға арналған жалғыз ауқымды халықаралық зерттеу. 2018 жылмен салыстырғанда, отандық педагогтар қазір әкімшілік жұмыстарға аз уақыт жұмсап, оқыту мен ата-аналармен байланысқа көбірек көңіл бөле бастаған. Соның нәтижесінде қызметіне қанағаттанушылық деңгейі едәуір артқан.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі мұғалімдердің еңбек жағдайының жақсарғанын көрсетті. Өткен оқу жылында педагогтардың апталық жұмыс уақыты орта есеппен 36 сағатты құраған. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 50 сағат болған. Мұндай оң өзгеріс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері арасында сирек кездесетін нәтиже деп бағаланған.

Қазір еліміздегі мұғалімдердің орта жасы – 41 жас, бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің орта деңгейінен төрт жасқа төмен.

Зерттеу деректері бойынша, педагогтардың 95 пайызы өз жұмысынан қанағат алады, ал олардың 80 пайызы қайта таңдау мүмкіндігі болса, мұғалім мамандығын қайта таңдар еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды