Бес жылдан кейін Алматы көшелерінде жаңа трамвайлар қайта жүрмек

07.10.2025, 11:14
11323
Бес жылдан кейін Алматы көшелерінде жаңа трамвайлар қайта жүрмек Sputnik / Алексей Куденко

Жаңа трамваймен қала тұрғындары межелі жеріне небәрі 20 минутта жетеді.

Алматы қаласының бас жоспары ғылыми-зерттеу институтының директоры Асхат Сәдуовтің айтуынша, жаңа жобаға арналған техникалық негіздеме дайындалып жатыр. Трамвай желісі «Барлық» базарынан басталып, Төле би көшесінің бойымен бұрынғы дәліз арқылы өтеді. Ол әуежайға дейін созылып, қаланың шығысы мен батысын байланыстыратын негізгі көлік артериясына айналмақ.

Жоба толық қаржыландырылып, келісімдер бекітілген соң, бес жыл ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Инвесторлар тарту да жоспарланып отыр. Мамандардың есебі бойынша, жаңа трамваймен қала тұрғындары межелі жеріне небәрі 20 минутта жетеді. Заманауи вагондар аккумулятормен жүреді, жылдам әрі экологиялық таза болмақ.

Бүгінде Алматыға күн сайын жарты миллионнан астам адам кіріп-шығады. Олар жұмысқа, оқуға, саудаға келеді. Мұндай қарқынға төтеп беретін тиімді қоғамдық көлік қажет. Трамвай желісін қалпына келтіру – әлемдік тәжірибеде өзін дәлелдеген шешім. Көптеген ірі мегаполистер дәл осы рельстік жүйеге қайта оралған. Сондықтан Алматының да бұл бағыттағы қадамы қисынды.

Дегенмен, алматылықтар трамваймен қоштасқан күнді ұмытқан жоқ. 2015 жылы көлік қозғалысы бірнеше апаттан кейін тоқтатылды. Сол жылы қыркүйекте Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында тежегіші істен шыққан вагон 17 көлікті соғып, бес адам жарақат алған. Арада көп өтпей тағы бір апат болып, 14 көлікке зақым келген еді. Осыдан кейін трамвай қозғалысы толық тоқтатылып, вагондар сатылып, рельстер металға өткізілді. Ескі техника мен инфрақұрылымды жаңартуға қаржы жетпеген соң, әкімдік бұл саланы мүлде жойды. Бірақ жылдар өте келе трамвайдың орнын бос қалдырған бос кеңістік пен көлік кептелісі оның қажеттілігін қайта сездірді.

Трамвай Алматының тарихында ерекше орын алады. Қала Қазақ КСР-інің астанасына айналғаннан кейін, 1927–1938 жылдары тұрғын саны бес есе өсіп, 222 мың адамға жетті. Көліктің тапшылығынан халық жаяу, атпен немесе арбамен қатынаған. Сол себепті қоғамдық көлік жүйесін құру – уақыт талабы еді.

1936 жылы трамвай шаруашылығының құрылысы басталып, вагон жүргізушілерін даярлайтын курс ашылды. Бар-жоғы бір жылда жұмыс аяқталып, 1937 жылдың қарашасында сынақ рейсі өтті. Қала тұрғындары бұл жаңалықты қызықтап, он бес мыңдай адам алғашқы күні тегін тасымалданған. Ал 1 желтоқсаннан бастап трамвайлар тұрақты жүре бастады. Жол ақысы ересектерге – 20 тиын, балаларға – 10 тиын болған.

Алғашқы уақытта аялдамалар ретінде ішіне құм толтырылған ағаш жәшіктер қойылған, ал бағдаршамдар кейін орнатылды. 1938 жылы ғана шатырлы аялдамалар пайда болды. Қаланың өмірі бірден өзгеріп, трамвайлар Алматының ажырамас бөлігіне айналды.

Кейінгі жылдары қала тұрғындары трамвайдың тек көлік емес, сәндік символ екенін жиі айта бастады. Расында да, оның жүрісі Алматыға ерекше рең береді. Биылғы халықаралық сәулетшілер форумында да осы ой айтылды – трамвайдың қайта оралуы қаланың заманауи бейнесіне үйлесіп, тарихи келбетін жаңғыртпақ.

Тоқсан жылдық үзілістен кейін жаңарған трамвайлар қайтадан рельске оралса, бұл тек көлік емес, Алматының мәдени брендіне айналары анық.

Авторы Серік Алдан

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр