5256

10 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасынан тірі қалған жүргізуші қамауға алынды

Жаңаөзенде жан түршіктірерлік апаттан 10 адам қаза болған.

10 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасынан тірі қалған жүргізуші қамауға алынды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бекет атаға бара жатқан жолаушылардың өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды.

Дәрігерлердің хабарлауынша, Жаңаөзен қалалық ауруханасына түскен үш зардап шегуші сауығып, ауруханадан шығарылған. Олардың екеуі санитарлық авиация арқылы алдымен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына, кейін Астанаға емделуге жөнелтілген.

Үшінші науқасқа ота жасалып, сауығуына қарай оны тергеу изоляторының қызметкерлері алып кеткен. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл ер адам — апат кезінде рөлде болған көлік жүргізушісі. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Жол қозғалысы ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соғу») бойынша іс қозғалған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары бұл қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, жол апаты қыркүйек айының ортасында болған. Қаза тапқандардың барлығы көршілес облыстардан шыққан қажылық сапарға бет алған жолаушылар еді. Олар қасиетті Бекет ата мешітіне бара жатқан.

Материал авторы