SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету тетігі енгізілді, деп хабарлайды Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Басқарманың мәліметінше, көмек көрсету тәртібі Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Оған сай, түрмеден босатылған азаматтар арнайы анықтама ұсынған және бостандыққа шыққаннан кейін алты ай ішінде өтініш берген жағдайда 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде қайта берілмейтін біржолғы әлеуметтік көмек ала алады.
Бұл қолдау шарасы — бостандыққа шыққан азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне жәрдемдесуге бағытталған.
RUS