Питер Фостер Air Astana компаниясынан кетеді

08.10.2025, 13:18
20176
Питер Фостер Air Astana компаниясынан кетеді Air Astana

20 жыл басқарған топ-менеджер кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында қызметінен кететінін хабарлады. Ол сонымен қатар директорлар кеңесінің құрамынан шығады. Дегенмен, Фостер әуе компаниялар тобына кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Компанияның қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел осы кезеңде Air Astana-ның жаңа бас директоры болып тағайындалады.

Air Astana директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов Фостердің компанияға сіңірген еңбегіне алғыс білдірді:

«Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны 20 жыл бойы табысты басқарғаны үшін шын жүректен алғыс айтады. Ол Air Astana-ны қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі таңда Орталық Азиядағы жетекші әуе компанияларының біріне және әлемдік авиациядағы танымал брендке айналдырды.

Сондай-ақ, біз Ибрахим Жанлыелдің жаңа қызметке тағайындалуын құптаймыз. Ол 2003 жылдан бері компанияда түрлі басшылық қызметтерде еңбек етіп, 2017 жылдан бері қаржы директоры лауазымын атқарып келеді. Компанияның дамуына қосқан үлесі зор. Біз оның басшылығымен Air Astana жаңа жетістіктерге жететініне сенімдіміз», – деді ол.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан