SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалдық қылмыс жасағандарға қолданылатын химиялық кастрация тәртібі нақтыланды. Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 1 қазандағы №102 бұйрығымен тиісті өзгерістер енгізілді.
Жаңа ережеге сәйкес, химиялық кастрация сотталған адам түрмеден босатылардан алты ай бұрын тағайындалып, сол кезеңде жүргізіледі.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі жазаның аяқталуына 12 ай қалғанда сотқа сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы материал жіберуге міндетті. Сарапшылар сотталған адамның психикалық ауытқуы мен сексуалдық зорлыққа бейімділігін анықтайды.
Бұл шара психикалық ауруы бар және сот шешімімен мәжбүрлі емдеу шаралары қолданылып жатқан сотталғандарға қатысты жүргізілмейді.
Жаңа норма 2025 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енеді.
RUS