«Баяндаманы кім жазып берді?»: Депутат Өнеркәсіп министріне тап берді

Азиз Қалижан Редактор
08.10.2025, 14:22
8776
«Баяндаманы кім жазып берді?»: Депутат Өнеркәсіп министріне тап берді parlam.kz

Депутат Алматыдағы сел қаупі бар аймақтарда құрылысқа тыйым салуды талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексінің жобасы талқыланды. Депутат Бақытжан Базарбек сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс нормалары тым әлсіз екенін айтып, Алматыда биік үйлердің тікелей тектоникалық жарылымдардың үстіне салынғанын мәлімдеді.

«Баяндаманы кім жазды сізге? Кодекс жобасын құрылысшылардың өздері жазғандай әсер қалдырады. Менің сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған түзетулерімді жұмыс тобы қолдады, бірақ екі маңызды мәселе шешілмей қалды. Біріншіден, тектоникалық жарылымдарда құрылысқа тыйым саламыз ба? Алматыда 27 жарылым бар, оның 13-і толығымен көпқабатты үйлермен жабылған. Адамдар өздері жарылым үстінде тұратынын білмейді. Мысалы, Rams компаниясының 40 қабатты мұнарасы ені 600 метр болатын алтыншы диагональды жарылымның үстінде салынып жатыр. Екіншіден, таулы және сел қаупі бар аймақтарда құрылысқа шектеу қойыла ма?» – деді депутат.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жауап ретінде ел аумағының шамамен жартысы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын растады және жаңа кодекс осы тәуекелдерді ескеретінін айтты.

«Шынында да, елдің 45%-ы сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан. Кодексте сейсмикалық қауіпсіздікке арналған бөлек тарау бар. Енді сейсмозоналау мен тәуекел карталары енгізіледі. ТЖМ әзірлеген микрозоналау карталары бас және егжей-тегжейлі жоспарларды дайындау кезінде міндетті түрде қолданылады», – деді министр.

Оның айтуынша, бұл жаңа тәсілдер құрылыс нысандарының қауіп деңгейін дәлірек анықтауға және қауіпті жерлерде құрылыс жүргізуге жол бермеуге мүмкіндік береді.

«Алматы мен басқа өңірлерде енді құрылыс жоспарлау кезінде осы карталар міндетті түрде ескерілетін болады», – деп қосты Нағаспаев.

Министр сонымен қатар сейсмикалық зонирлеуді нақтылау және жергілікті атқарушы органдарға арналған практикалық құралдар әзірлеу жұмысы жалғасып жатқанын айтты.

Егер аймақ нақты қауіпті деп танылса, онда ол жерде құрылыс жүргізуге тыйым салынады. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді