SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал трансгендер-блогер Никонет қалыңдық көйлегін киіп түскен суретін жариялады.
Блогер жазбасында тұрмысқа шығуға дайын екенін айтып, өз арманы жайлы бөлісті:
«Тұрмысқа шығып жатсам, осындай ақ көйлек киемін. Қалыңдық көйлегін киюді барлық қыз армандайды», – деп жазды ол.
Желі қолданушыларының арасында пікір екіге бөлінді. Бірі блогердің бейнесін мақтаса, енді бірі сынға алды:
«Әп-әдемі қалыңдық болады екенсің», «Кез келген қыздан сұлу», «Бала туа алмайсың, күйеуге шықпай-ақ қой», «Мынаның еркек болғанын ұмытып кететіндер бар ма?» – деп жазды желіде пікір қалдырғандар.
Еске салсақ, бұған дейін Никонет өзіне министрдің ғашық болғанын айтып, желіде үлкен талқуға себеп болған еді.
RUS