Талдықорғанда көршісі пышақтап өлтірген 22 жастағы жігіттің туыстары сот үкіміне наразы

08.10.2025, 16:19
5015
Талдықорғанда көршісі пышақтап өлтірген 22 жастағы жігіттің туыстары сот үкіміне наразы Almaty.tv

Өлтіруді жоспарлап келген дейді марқұмның туыстары.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда 22 жастағы Серікжан Өміртайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот күдіктіні «Ауыр дене жарақатын келтіріп, абайсызда өлімге себеп болу» бабымен кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Алайда марқұмның туыстары мұндай шешіммен келіспейді. Олар қылмыс алдын ала жоспарланған деп санайды және істі қайта қарауды талап етпек.

Қанды оқиға биыл 26 маусым түнінде бір тұрғын үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, Серікжан достарымен бірге демалып отырған кезде көрші кіреберістен бірнеше жігіт шығып, әңгіме қызу дауға ұласқан. Сол сәтте олардың бірі қалтасындағы пышақты алып, Өміртайды жаралаған.

«Ол Серікжанды сыртқа шақырып, шулаған кім екенін сұрамақ болды. Бірер секундта төбелес басталып кетті. Жақындап барсам, Өміртай жерге құлап түсті, киімінде қан дақтары бар еді. Кейін белгілі болды — пышақты ол алдын ала қалтасына салып қойған екен», — деді куәгер Шыңғыс Мұрат.

Талдықорған қалалық сотының шешімімен айыпталушы Бейтілеу Данияр орта қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл жазасын өтейтін болды.

Дегенмен, марқұмның отбасы бұл үкім әділетсіз деп есептейді. Олар қасақана адам өлтіру бабымен қайта тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

«Ұлым Үштөбеден Талдықорғанға жұмыс істеуге келген, отбасына көмектесіп жүрген еді. Күдікті оқиға алдында балконнан “өлтіремін” деп айғайлап, пышақты әдейі алып шыққан. Бұл — жоспарланған қылмыс», — деді Серікжанның әкесі.

Қазір Өміртайдың туыстары апелляцияға шағым түсіруге дайындалып жатыр.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан