4800

«Кел, көмектесейік» атты қайырымдылық іс-шарасы аясында 22 жануар жаңа үй тапты

Жануарларды қорғаудың дүниежүзілік күніне орай Алматы қаласында үйжануарларын күтіп-баптау және тамақтандыру саласындағы жетекші Purina брендіұйымдастырған «Кел, көмектесейік» атты қайырымдылық арт-пикнигі өтті.

«Кел, көмектесейік» атты қайырымдылық іс-шарасы аясында 22 жануар жаңа үй тапты

Бұл дәстүрлі жыл сайын өтетін шара биыл жетінші рет қала тұрғындарын, еріктілерді және қор өкілдерін біріктіріп, баспаналардағы жануарлардың өз иелерін табуына көмектесіп, жануарларғажауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Күннің басты нәтижесі22 ит пен мысық өздерінің жаңа иелерін тапты. Үй жануарын асырапалуға шешім қабылдаған барлық отбасыларға үй жануарының бейімделуіне арналған азық пенкерек-жарақтардан тұратын бастапқы жиынтықтар табысталды.

Қонақтар үшін шығармашылық шеберлік сабақтары, арт-инсталляциялар және мамандардың кеңестері ұйымдастырылды. Арт-пикник барысында жануарлардың жаңа ортаға бейімделуіне ерекше назар аударылды: ветеринарлар мен зоопсихологтар үй жануарларының жаңа мекенге тезүйренісіп, иелерімен сенімді қарым-қатынас орнатуына көмектесетін практикалық кеңестерімен бөлісті.

Іс-шара «Дос», «Котопес», «Comes», «Хвостатый рай» және «Белый Бим» қорларының қолдауымен өтті.

Purina PetCare компаниясының Еуразия өңірі бойынша бизнесін дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский атап өтті:

«Жыл сайын адамдардың жануарларға қамқорлық жасау тақырыбына деген қызығушылығыартып келе жатқанын байқап отырмыз. Біздің мақсатымызжануарларға үй тауып беруменғана шектелмей, мейірім мен жауапкершілікті жоғары бағалайтын қоғамдық мәдениеттіқалыптастыру».

Қор өкілдері де бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті:

Мария Беневоленская, «КотоПёс» қорының негізін қалаушы:

«Мұндай бастамаларбіздің қамқорлығымыздағы жануарлардың өз отбасын табуға үлкенмүмкіндік. Бүгін көптеген жануарлар осындай мүмкіндікке ие болды, және біз оларға үйініңесігін ашқан әрбір адамға алғыс айтамыз».

Бацалов Р. Д., «Дос» панасының басшысы, қосты:

«Болашақ иелермен бірге зоопсихологтар мен ветеринарлардың жұмыс істеуі өте құнды. Бұлжануарлардың бейімделу үдерісін жеңіл әрі қауіпсіз етуге көмектеседі».

Ұйымдастырушылар жобаның әрі қарай да дамып, қамқорлыққа мұқтаж жануарларға қолдаукөрсетуге адамдарды шабыттандыратынына сенімді.