«Қайтыс болды»: Ақсу қаласында жүргіншіні бір көлік қағып өтіп, артынша екіншісі езіп өткен
Екінші көлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні бірінен соң бірі екі көлік қағып өлтірді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше, 6 қазан күні ВАЗ-21213 автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен.
Бірақ соққыдан кейін жәбірленушіні екінші көлік – ВАЗ-21070 жүргізушісі де жаншып өткен. Екінші көлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен.
«Полиция қызметкерлері екі жүргізушіні де анықтап, ұстады. Қазір олар тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан жасырыну фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген ресми хабарламада.
Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау және көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыру қажеттігін ескертті.
Материал авторы