«Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады

Азиз Қалижан Редактор
08.10.2025, 18:33
12050
«Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады бейнежазбадан

Дархан Мұсаев өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жары, актер Дархан Мұсаев көпшіліктің назарын тағы өзіне аударды. Ол жеке өміріне қатысты жаңа мәлімдеме жасап, болған жағдайға өз көзқарасын айтты.

Актердің айтуынша, бұрынғы әйелі полицияға арыз түсіргенін білген.

«Маған осы уақытқа дейін талай адам қоңырау шалды. Әрқайсына жеке түсініктеме беріп отырудың орнына, бәрін бір рет айтып өтейін деп шештім. Сол кезеңде менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Өз-өзіме қол жұмсауға да талпындым, көшеге шығудан қалдым. Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық. Менің үстімнен қандай арыз түссе де, өз шындығымды айтамын. Тіпті, шындық детекторына отыруға дайынмын», – деді ол.

Бұған дейін Дархан Мұсаев Дариға Бадықовамен 16 жыл бойы бала сүйе алмағанын, ал қыздарын асырап алғанын ашық айтқан еді. Осы мәлімдемеден кейін актрисаның заңды өкілі, құқық қорғаушы Айгүл Орынбеконың үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл әрекет жеке өмір мен бала асырап алу құпиясын жария ету болып саналады.

«Баланы асырап алу – отбасылық және жеке өмірге қатысты құпия. Бұл ақпаратты жария ету – ҚР Қылмыстық кодексінің 146 және 147-баптарына сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Заңды білмеу жауаптан босатпайды. Мұндай әрекет – тек әдепсіздік емес, нақты қылмыстық құрам бар іс», – деді заңгер.

Қазір жұрт әлеуметтік желіде жұлдызды жұптың жанжалына қатысты түрлі пікір білдіруде. Көпшілік екі тараптың да әрекетіне баға беріп, даудың немен аяқталатынын бақылап отыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады