11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр

09.10.2025, 09:48
3547
11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр kstnews.kz

100 мыңнан астам қазақ шетел асып жұмыс іздеп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстаннан шетелге табыс табуға шыққандардың жалпы саны 126 мың адамға жетті. Оның ішінде 11 мыңы Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүр, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев.

Бүгін сенат Қазақстан азаматтарын Катарда еңбекке тарту жөніндегі келісімді ратификациялады. Осыған байланысты журналистер министрлік өкілінен қазақстандықтар ең көп қай елдерде жұмыс істейтінін сұрады.

«102 мың азамат Ресейде, 15 мың — Оңтүстік Кореяда, тағы екі мыңға жуық адам Ұлыбритания мен Еуроодақ елдерінде еңбек етеді. Бірақ бұл елдердің бәрімен екіжақты келісім жасалмаған. Сондықтан миграциялық саясат тұжырымдамасы аясында жиі сұраныс бар елдермен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отырмыз», — деді Ертаев.

Оның айтуынша, биыл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында еңбек миграциясы жөнінде меморандум жасалған. Ал Оңтүстік Кореямен келісім әлі келіссөз сатысында тұр.

«Кореямен екі жыл бойы келіссөздер жүріп жатыр. Бір кезеңде саяси жағдайға байланысты үзіліс болды, қазір қайта жалғасуда. Себебі Оңтүстік Кореяда жүрген 15 мың қазақстандықтың 11 мыңы заңсыз жұмыс істеп жүр. Бұл мәселені реттеу қажет. Корея тарапы біздің азаматтарды заңдастыру үшін бірқатар талап қойып отыр», — деді вице-министр.

Министрлік корей жағына жол картасын ұсынбақ.

«Қазір біздің өтініш Корея билігінде қаралып жатыр. Олар қосымша ақпарат сұрады — оның ішінде азаматтарымызды заңды жолмен еңбекке тарту және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қалай жүргізетініміз жөнінде. Жыл соңына дейін оң шешімге келеміз деп үміттенеміз», — деп түйіндеді Ертаев.

Айта кетейік, сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев пен Асқарбек Ертаев арасында ең төменгі жалақы туралы қызу пікірталас болған. Олар Халықаралық еңбек ұйымының минималды еңбекақы жөніндегі конвенциясын талқылады.

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді Атыраудағы «жалған стоматология» ісіне күдікті видео жариялап, өзін жала жабылды деп мәлімдеді Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ «500-600 мың теңге»: Еңбек вице-министрі отбасының айына қанша жұмсайтынын ашық айтты Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам енді өмір бойы түрмеде отырады Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртастың әкесіне кешірім сұрады Қарағандыда мектеп маңынан әйелдің мәйіті табылды Мексикада Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер небәрі 8 минутта сатылып кетті Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты Шерзат Полат ісі: Куәгер қыздар жазаланатын болды ма? Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді 11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі «Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады