Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді

09.10.2025, 10:14
8325
Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді Pixabay

Шошқаның бауыры адам ағзасында ұзақ жұмыс істей алады дейді ғалымдар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, медицина тарихында тұңғыш рет адамға генетикалық тұрғыда өзгертілген шошқаның бауыры салынды. 71 жастағы ер адам осы ағзамен 171 күн бойы өмір сүріп, шошқа мүшелері уақытша болса да адам ағзасының қызметін қамтамасыз ете алатынын дәлелдеді.

Зерттеушілер бұл оқиғаны медициналық серпіліс деп атады. Journal of Hepatology журналының мәліметінше, ота сәтті өткен, алайда кейін асқынулар байқалған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын мыңдаған адам бауыр трансплантациясын күтіп көз жұмады. Мысалы, Қытайда жүздеген мың науқас бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегіп отыр, бірақ соның тек 6 мыңы ғана трансплантация алады. Ғалымдар жануарлар ағзасын пайдалану тәжірибесі болашақта бұл тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді деп сенеді.

Науқас – гепатит B мен бауыр обырынан зардап шеккен 71 жастағы ер адам. Дәрігерлер оған адам донорын таба алмаған соң, арнайы өсірілген Дианнань тұқымды шошқаның бауырын салған.

Бұл шошқаның ағзасына 10 түрлі генетикалық өзгеріс енгізілген: иммундық жүйенің бауырды қабылдамай тастау қаупін азайту және қан ұю процесін қауіпсіз ету үшін.

Алғашқы айда бауыр тұрақты жұмыс істеп, өт пен қан ұюға қажет ақуыздарды қалыпты деңгейде өндірген.

38-күні пациенттің жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер иммундық реакциялар мен қан тамырларының зақымдануынан туындаған тромботикалық микроангиопатияны (xTMA) анықтаған. Емдеу уақытша нәтиже бергенімен, кейін ішкі қан кету басталып, науқас 171-күні көз жұмған.

«Бұл тәжірибе шошқаның генетикалық тұрғыда өзгертілген бауыры адамның ағзасында ұзақ уақыт жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Бірақ қан ұю мен иммундық асқынуларды бақылау әлі де басты мәселе болып тұр», — деді жетекші зерттеуші Байчэн Сун.

Мамандардың айтуынша, бұл оқиға — адам ағзасына жануар мүшесін салу (ксенотрансплантация) саласында жаңа кезеңнің бастауы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады