Талибан ауған әйелдеріне БҰҰ мекемелерінде жұмыс істеуге тыйым салды

05.04.2023, 11:09
628
Талибан ауған әйелдеріне БҰҰ мекемелерінде жұмыс істеуге тыйым салды Ebrahim Noroozi/AP/dpa

Тәліптер БҰҰ мекемелеріндегі ауған әйелдеріне Ауғанстан аумағында жұмыс істеуге тыйым салды. БҰҰ өкілдері мән-жайды анықтау үшін Кабулда билік өкілдерімен кездеспекші, деп хабарлайды smartnews.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

«Талибан» радикалды ислам қозғалысы Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) қызмет ететін ауған әйелдеріне жұмыс істеуге тыйым салды.

«Әртүрлі арналар бізге бұл тыйымның бүкіл ел аумағына қатысты екенін хабарлады», - деді БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Дюжаррик бұл тыйымның «қисынсыз әрі ақылға қонымсыз» екенін айтып, оның гуманитарлық ұйымдардың мұқтаж жандарға көмек көрсетуіне нұқсан келтіруі мүмкіндігін еске салды.

Бұған дейін БҰҰ-да ауған әйелдерінің жұмысына тыйым салу тек шығыс Нангархар провинциясына қатысты деп хабарланған болатын.

БҰҰ өкілдері жағдайға қанығу үшін сәрсенбіде Кабулда билікпен кездесуге ниетті.

2022 жылдың желтоқсанында Талибан әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салған болатын. Жаппай халықаралық наразылықтан кейін тыйым денсаулық сақтау саласында жеңілдетілді.

Бірақ бұған дейін аталған шектеу БҰҰ агенттіктеріне қолданылған жоқ.

2021 жылдың тамызында билікке келген Талибан Ауғанстандағы әйелдерге бірқатар кемсітетін шектеулер енгізді.

Сонымен қатар, музыка, әлеуметтік желілер және бейнеойындар заңсыз деп танылды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады