4532

Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі

Жұмыссыз жандар Қатарға барып жұмысқа орналасса болады.

Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі
AFP - KARIM JAAFAR

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенат Қазақстан азаматтарын Қатар мемлекетінде ресми түрде жұмысқа орналастыру жөніндегі келісімді ратификациялады.

Құжат қазақстандықтардың шетелде құқықтық негізде еңбек етуін қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімге сәйкес, қатарлық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне тегін баспана, көлік, медициналық қызмет, ақылы еңбек демалысы ұсынуға міндетті. Сондай-ақ олар жұмысшының жол шығындарын және елге қайту билеттерін толық өтейді.

Келісім аясында бірыңғай еңбек шартының үлгісі енгізіліп, екі ел арасында бірлескен үйлестіру комитетіқұрылады. Бұл орган туындаған мәселелерді шешумен және тараптардың өзара міндеттемелерін орындауын бақылаумен айналысады.

Сонымен қатар, сенаторлар ең төменгі жалақыны айқындау туралы халықаралық конвенцияны да ратификациялады. Енді еңбекақының төменгі шегі тек макроэкономикалық көрсеткіштермен емес, азаматтардың нақты өмір сүру деңгейімен және қажеттіліктерімен есептелмек.

Материал авторы