Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды

09.10.2025, 14:20
3864
Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды «Защитники Отечества | Башкортостан», «ВКонтакте»

Биыл маусым айына дейін Тимур Пралиев «Вагнер» қатарында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда сот Тимур Пралиевті шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметінше, Пралиевті Ресей 2022 жылдың күзінде «Вагнер» жеке әскери компаниясына (ЧВК) жалдаған. Сол жылдың қарашасынан бастап ол Украинадағы соғысқа қатысып, байланысшы қызметін атқарған және Бахмут қаласын басып алу операциясына қатысқаны анықталған.

Кейін Пралиев Африкадағы Мали еліне жіберілген. Онда ол 2025 жылдың маусымына дейін «Вагнер» құрамында болған. Бұл Ресейдегі ЧВК басшысы Евгений Пригожиннің өлімінен кейінгі кезең еді.

Сот дерегіне сәйкес, ол 4,16 миллион рубль көлемінде ақша алып, Ресей азаматтығын иеленген, бірақ Қазақстан азаматтығынан шықпаған.

2024 жылдың қазанында Пралиев ЧВК қатарынан кеткеннен кейін Минск пен Уфада емделіп, Мексикаға ұшып барған. 2025 жылдың 4 қаңтарында ол АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқанда ұсталды. Тексеру кезінде одан екі паспорт, 4 мың доллар, 60 мың песо және дрон табылған.

Кейін АҚШ билігі оны Қазақстанға депортациялады.

Пралиевтің адвокаттары істі Ресейде қарауды сұрағанымен, сот оның жалданған сәтінде тек Қазақстан азаматы болғанын айтып, бұл талапты қанағаттандырмады.

Пралиев Қылмыстық кодекстің 172-бабы («Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша сотталған. Бұл бап «жалдаушылық белгілері жоқ» жағдайда қолданылады. Ал тікелей жалдамалылық үшін жазаны көздейтін 170-бап Қазақстанда әзірге қолданылған жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды