Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ

09.10.2025, 15:55
2774
Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Жұмыссыз қалған шенеуліктерге Еңбек министрлігі жұмыс тауып бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстан билігі мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру аясында екі мыңнан астам мемлекеттік қызметкерді қысқартпақ.

Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды. Қысқарту 2025 жылдың 1 қарашасына дейінаяқталуы тиіс. Ең көп қысқарту салық, су және ауыл шаруашылығы салаларында болмақ.

Құжатта көрсетілгендей, барлығы 2141 басқарушылық қызмет орны жойылады. Оның ішінде:

Салық комитетінде – 498,

Су шаруашылығы министрлігінде – 224,

Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 200,

Еңбек және кедейлікті қысқарту министрлігінде – 163,

Экология министрлігінде – 176,

Әділет министрлігінде – 197 лауазым қысқартылады.

Қызметінен босатылғандарға жұмыс табуға Еңбек министрлігі мен Кәсіподақ федерациясы көмектеседі.

Бұл Өзбекстандағы алғашқы қысқарту емес. 2024 жылы әкімшілік реформа аясында шамамен үш мың шенеунік жұмыстан кеткен, кейбір мемлекеттік органдар таратылып, басқалары қайта құрылымдалған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда биыл Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жасанды интеллект мемлекеттік басқару мен экономиканы жаңғыртудың негізгі тетігіне айналуы тиіс.

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді Атыраудағы «жалған стоматология» ісіне күдікті видео жариялап, өзін жала жабылды деп мәлімдеді Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ «500-600 мың теңге»: Еңбек вице-министрі отбасының айына қанша жұмсайтынын ашық айтты Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам енді өмір бойы түрмеде отырады Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртастың әкесіне кешірім сұрады Қарағандыда мектеп маңынан әйелдің мәйіті табылды Мексикада Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер небәрі 8 минутта сатылып кетті Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты Шерзат Полат ісі: Куәгер қыздар жазаланатын болды ма? Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді 11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі «Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады