Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады

09.10.2025, 16:19
2575
Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады Informburo.kz

Блогерлердің айыбы күшінде қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 11 автокөлікті ұтысқа қойған және онлайн курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты аппеляциялық шешім шықты. Елордалық сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Судья Жанна Нұрғалиева әр блогердің ісін бөлек қарады.

Ерболат Жанабылов ісі бойынша сот алқасы оның әрекетінде лотерея белгілері бар деген тұжырымды қолдады.

– Алғашқы сотта анықталған мән-жайлар мен дәлелдер жеткілікті деп есептеледі. Дегенмен кейбір жайттар қосымша нақтылауды қажет етеді. Ұтыс ойынында лотерея элементтері болғаны байқалады, сондай-ақ қатысу құны мен қатысушылар саны туралы нақты деректер ұсынылмаған, – деді судья шешім жариялау кезінде.

Эльмира Төлегенова ісіне қатысты да алғашқы сот шешімі өзгеріссіз қалды. Осылайша, қос блогердің аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Бұған дейін Туризм және спорт министрлігі блогерлер ұйымдастырған автокөлік ұтыстарын назарға алған болатын. Іс кейін сотқа жетті.
Сондай-ақ министрліктің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Жанабылов сатқан курс бағасының негізсіз қымбат екенін хабарлаған.

Еске сала кетейік, блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты алғашқы сот отырысы 5 қыркүйекте Астанада өткен еді.
Сол кезде оның адвокаты істі тоқтатуды сұраған, бірақ сот бұл өтінішті қабылдамаған.

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді Атыраудағы «жалған стоматология» ісіне күдікті видео жариялап, өзін жала жабылды деп мәлімдеді Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ «500-600 мың теңге»: Еңбек вице-министрі отбасының айына қанша жұмсайтынын ашық айтты Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам енді өмір бойы түрмеде отырады Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртастың әкесіне кешірім сұрады Қарағандыда мектеп маңынан әйелдің мәйіті табылды Мексикада Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер небәрі 8 минутта сатылып кетті Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты Шерзат Полат ісі: Куәгер қыздар жазаланатын болды ма? Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді 11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі «Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады