Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті

09.10.2025, 17:17
2653
Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті бейнежазбадан

Мұғалімді жастар «қазақ Эйнштейні» деп атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қарапайым заттармен күрделі заңдылықтарды түсіндіретін физика пәні мұғалімі Боранбек Еркінбек қазнеттің жаңа жұлдызына айналды.

 

Оның сабағынан түсірілген бейнежазба TikTok-та жеті миллионнан астам қаралым жинап, мыңдаған оқушы мен ата-ананың алғысына бөленді.

Видеода педагог ауа толқынының қозғалысын түсіндіру үшін бар болғаны пластикалық бөтелке, түтік және бірнеше қарапайым құралды пайдаланады. Қарапайым, бірақ әсерлі тәжірибе дыбыс толқынының таралуын көзбен көруге мүмкіндік береді — тіпті физиканы ұнатпайтындар да қызығып қарайды.

«Бастысы — жай түсіндіру емес, көрсету. Оқушы ғылымды сезінуі керек», — дейді Боранбек Еркінбек.

Желі қолданушылары мұғалімнің тапқырлығына риза болып, оны «қазақ Эйнштейні», «физикаға қызығушылықты қайта оятқан ұстаз» деп атады.

Көпшіліктің пікірінше, дәл осындай жаңашыл ұстаздар ғана жаңа буынды ғылымға шабыттандыра алады.

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді Атыраудағы «жалған стоматология» ісіне күдікті видео жариялап, өзін жала жабылды деп мәлімдеді Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ «500-600 мың теңге»: Еңбек вице-министрі отбасының айына қанша жұмсайтынын ашық айтты Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам енді өмір бойы түрмеде отырады Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртастың әкесіне кешірім сұрады Қарағандыда мектеп маңынан әйелдің мәйіті табылды Мексикада Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер небәрі 8 минутта сатылып кетті Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты Шерзат Полат ісі: Куәгер қыздар жазаланатын болды ма? Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді 11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі «Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады