Қазақстанда жүргізуші куәлігі екі жыл сынақ мерзімінен соң берілуі мүмкін

05.04.2023, 12:06
626
Қазақстанда жүргізуші куәлігі екі жыл сынақ мерзімінен соң берілуі мүмкін Smartnews.kz

ІІМ жолдағы қауіпсіздік шараларын талқылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ-де қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасында қаралған жол-көлік оқиғалары салдарының зардабын төмендету стратегиясының тетіктері қаралды.

Пікіртасласқа қатысушылар - мемлекеттік органдар, «Қазавтожол» АҚ, «Атамекен» ҰКП және Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ҒЗИ өкілдері жолдарда «нөлдік өлім-жітім» қағидатын іске асыру және жол-көлік оқғаларының негізгі себептеріне ықпалын тигізетін шешімдерді талқылады.

Жол-көлік оқиғасында жарақат мәселесі сан қырлы және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне байланысты екені атап өтілді. Сондықтан азаматтық сектор әлемнің 60 елін қамтитын ESRA (E-Survey of road Users’ Attitudes) халықаралық әлеуметтік сұрақтар бағдарламасы негізінде қауіпсіз қозғалыс зерттеулерін жүргізуге бастамашылық жасайды, бұл жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын түзетуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Жезқазған қаласындағы пилоттық жоба шеңберінде жүргізілген сауалнама өңірде жылдамдықты асыру шегі әлемдік деңгейден 2,6 есе жоғары, бекітілмеген белдікпен жүргізу қаупі 8,5%-ға жоғары екендігі анықталды.

Сондай-ақ ұялы телефондарды пайдалану және жаяу жүргіншілердің қауіпті әрекеттерінің деңгейі де жоғары.

Кездесуде қала сыртындағы және түзу жол учаскелерінде «орташа жылдамдық» ұғымын енгізу бойынша бастамалар қолдау тапты. Сол үшін тұжырымдамада цифрлық шешімдерді дамыту – жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу жүйелерін және осындай бұзушылықтарды анықтайтын арнайы аппараттық-бағдарламалық кешендерді кеңінен енгізу қарастырылған. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе негізінде автожолдарды жобалау мен реконструкциялау тәсілдерін өзгерту жоспарланған. Осы мақсатқа сай аналитиканы енгізу және «Vision Zero» сияқты арнайы бағдарламалық жасақтаманы қолдану көзделіп отыр.

Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдері әлемнің 18 елінде жүзеге асырылып жатқан мектептер маңындағы жол қауіпсіздігі халықаралық бағдарламасының «Star Rating for Schools» жобасын сынақтан өткізуді ұсынды. Бұл жоба мектептер жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің кешенді жүйесін педагогтар мен оқушылардың өздерін белсенді тарта отырып құруды көздейді.

Тұжырымдамаға ТЖМ-мен бірлесіп қала сыртындағы трассаларда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету жөніндегі шаралар енгізілген.

Кеңеске қатысушылар Финляндияның тәжірибесін де қарастырды. Бұл елдің тәжірибесінде жүргізуші куәлігі 2 жылдық сынақ мерзімінен және бірқатар емтихандардан өткеннен кейін беріледі. Қазір елімізде осындай тәжірибені енгізу дұрыстығы мен мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді азайту жөніндегі осы және басқа да шаралар Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделетін болады.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді