293 млн теңге салықтан жалтарған күдікті БАӘ-ден Қазақстанға әкелінді
Күдікті салықтан жалтарып, шетелге қашқан көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 293 миллион теңгеден астам салық төлемеген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға қайтарылды.
Ведомствоның мәліметінше, ол 2018–2020 жылдары коммерциялық кәсіпорынның директоры болып жүріп, корпоративтік табыс пен қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке ірі көлемде залал келтірген.
Қылмыстан кейін күдікті шетелге қашып, бір жылдан аса халықаралық іздеуде болған. Биыл қыркүйекте ол БАӘ аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасы сұрау салғаннан кейін елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейісовтың айтуынша, оған мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасықарастырылған.
Айта кетейік, биылдың өзінде Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тоғыз іздеудегі адам экстрадицияланған.
Материал авторы