SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан қаласында белсенділердің қатысуымен өткен қоғамдық бақылау барысында кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты әдепсіз әрекетке бармақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, қоғам назарын аударды.
Белсенділердің айтуынша, 2002 жылы туған Жанарық ауылының тұрғыны әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, жасөспірім қызбен хат алмасқан. Кейін ол кездесуге келіп, белсенділердің қолына түскен. Күдікті дереу құқық қорғау органдарына тапсырылған.
Түркістан облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді:
— Аталған дерек 2024 жылғы 2 қазанда Түркістан қалалық полиция басқармасының есепке алу кітабына тіркелді. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне сәйкес заң аясында тиісті шешім қабылданады, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, өңірде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтіліп келеді.
RUS